Қазақстандық танымал тарихшы өмірден озды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық танымал тарихшы әрі зерттеуші Ирина Ерофеева өмірден озды. Бұл жайында Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін қаралы хабар жетті. Қазақстаның көрнекті тарихшысы және зерттеушісі Ерофеева Ирина Викторовна өмірден озды», - делінген институт таратқан ақпаратта.

Көрнекті ғалым «Қазақ хандары және хандық әулет», «Қазақ хандарының шежіресі және қожалар» сынды көптеген ғылыми еңбектер жазған.

Ирина Ерофеева 1976-2006 жылдары Қазақстан Ғылым академиясының Тарих, археология және этнография институтында қызмет еткен, 2006-2011 жылдары Көшпенділердің мәдени мұрасы мәселелері жөніндегі қазақ ғылыми-зерттеу институтының директоры болған.
Соңғы жаңалықтар