Қазақстандық студенттер АҚШ-та өткен жастар ассамблеясына қатысты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандықтар АҚШ-тың Вашингтон «Әлем жастары үшін - жаңа көкжиектер» («New Horizons for Global Youth») атты БҰҰ-ның Жастар ассамблеясының 24-ші сессиясына қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан делегациясынан өкілдік етуге Ұлыбританияда «Болашақ» бағдарламасымен білім алып жатқан қазақстандық студенттер А. Ажгалиева мен Д. Қадырқұл таңдалды.

3 күнге созылған Біріккен Ұлттар Ұйымының бұл жолғы Жастар ассамблеясы ғаламдық деңгейдегі бірқатар маңызды мәселелерді көтерді. Олардың қатарында қоршаған ортаны қорғау, әлемдік бейбітшілікті сақтау, адамзаттың дамуы және технология тақырыптары талқыланды.

Аталған сессияның алғашқы күнінде АҚШ Мемлекеттік Департаментінің Әлем Жастары жөніндегі Арнайы Кеңесшісі Эндрю Рабенс және өзге БҰҰ өкілетті қызметкерлері (Xan Northcott, Ami Dar, Andrew Macdonald, Yumna Khan, т.б.) сөз сөйлеп, қазіргі замандағы өзекті мәселелерге қатысты өз ойларын білдірді. Одан кейінгі күндері әрбір мәселеге қатысты арнайы панельдер ұйымдастырылып, әлем жастары жаһандық мәселелер туралы өз пікірлерін ортаға салып, оларды шешу жолдарын ұсынды.

Соңғы жаңалықтар