Қазақстандық спортшы Жалғас Жұмағұлов UFC-мен келісім жасады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұлов MMA әлеміндегі ең беделді Ultimate Fighting Championship (UFC) промоушенімен келісім жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы спортшының менеджері Саят Әбдірахманов Instagram парақшасында жариялады.

«Arlan MMA Pro командасының балуаны Жалғас Жұмағұлов UFC-мен келісім жасады. Сені және осы жаңалықты асыға күткендерді құттықтаймыз», - деп жазды ол.

Айта кетейік, бұл UFC-мен келісім жасаған екінші қазақстандық спортшы. Бұдан бұрын Шавкат Рахмонов промоушеннің балуаны атанған еді. Сондай-ақ, UFC-де ресейлік этникалық қазақ Дамир Исмағұлов өнер көрсетеді. Жұмағұловтың қашан дебют жасайтыны кейінірек белгілі болады.


Соңғы жаңалықтар