18:23, 22 Ақпан 2020 | GMT +6
Қазақстандық спортшы стенд атудан алтын жүлде еншіледі
ДОХА. ҚазАқпарат - Дохада стенд атудан ірі халықаралық жарыс басталды. Qatar Open бәсекесіндегі жасөспірімдер додасында қазақстандық Эдуард Ещенко алтын жүлдегер атанды деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Ол скит бағдарламасы бойынша бірінші орын иеленді. Екінші орында Арран Экклстоун, үшінші орында литвалық Томас Вайтекунас. Әсем Орынбай әйелдер арасындағы сында финалға шықты.