Қазақстандық спортшы шетелде әйелдерге арналған алғашқы хоккей брендін құрмақ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның АҚШ және Канаданың Ұлттық әйелдер хоккей лигасында (NWHL) Қазақстанның тұңғыш өкілі болған Бұлбұл Қартанбаева әйелдерге арналған алғашқы хоккей брендін құрмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Еске сала кетсек, өткен жылы спортшы Американың «Метрополитен Ритеверс» клубымен келісімшартқа қол қойған, ал 2020 жылдың жазында АҚШ-тағы Princeton Tiger Lilies хоккей клубының бас жаттықтырушысы болды.

«Менің мақсатым – хоккей әлемін бұдан да жарқын қылу. Спортшы әйелдердің тәуелсіз, құқығының көп болғанын қалаймын», - деп түсіндірді ол Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында .

Бұлбұлдың қазақтың ұлттық киімін көрсетіп отырған бейнебаян спортшының жазылушылары мен фанаттарының ерекше таңданысын тудырды.



Соңғы жаңалықтар