Қазақстандық спортшы Қуат Хамитов желідегі видеосы үшін полицияға жеткізілді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Танымал қазақстандық спортшы Қуат Хамитов әлеуметтік желідегі видеосы үшін полицияға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбектің айтуынша, әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу барысында азамат Қ.Хамитовтың зорлық-зомбылыққа шақырған видеосы анықталды.

«Аталған дерек ҚР ҚК-нің 272-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Тиісті процессуалдық әрекеттерді жүзеге асыру үшін Қ. Хамитов Алматы қалалық Полиция департаментіне жеткізілді», - деп хабарлады полициядан.


Фото: sportx.kz

Соңғы жаңалықтар