Қазақстандық спортшы Хорватиядағы әлем кубогінде үздік төрттіке енді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Хорватияның Осиек қаласында спорттық гимнастикадан әлем кубогі кезеңінің финалы өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық Милад Карими гимнастикалық кермедегі жаттығу бойынша төртінші орын иеленді. Милад 14.033 ұпай жинаған. Бірінші орынды Хорватия, екінші орынды Венгрия, үшінші орынды Түркия спортшылары еншіледі.

Айта кетелік, Милад Карими Осиектегі кубоктік кезеңде еркін жаттығудан чемпион атанған болатын. Сондай-ақ, ол қоссырықтағы жаттығу бойынша күміс жүлдені жеңіп алды.
Соңғы жаңалықтар