12:01, 23 Қазан 2020 | GMT +6
Қазақстандық Шавкат Рахмоновтың алғашқы жекпе-жегін қайдан көруге болады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – қазақстандық 24 қарашада ережесіз жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов (12-0) ең ірі ММА-промоушн – UFC-де алғашқы айқасын өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
Ол Әбу-Даби қаласындағы (БАӘ) «Жекпе-жек аралында» өтетін UFC 254 жарысында бразилиялық Алекс Оливейрамен жекпе-жекке шығады (22-8-1-2). Бұл айқасты UFC Fight Pass сервисінде тікелей эфир арқылы көруге болады. UFC ресми сайтының мәліметінше, Рахмонов — Оливейра жекпе-жегі прелимдерде өтіп, Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 22:00-ден кейін басталады.
Еске сала кетсек, UFC 254 жарысының хедлайнерлері – ресейлік жекпе-жек шебері Хабиб Нұрмағамедов (28-0) және американдық Джастин Гэтжи (22-2). Нұрмағамедов ұтыс ретінде өзінің жеңіл салмақтағы чемпион белдеуін тігеді.