Қазақстандық Шанхайдағы 6 мың студенттің арасынан үздік деп танылды
14 желтоқсанда өткен үш кезеңнен тұратын конкурсқа 300-ден астам шетел студенттері, басым бөлігі ECNU қоғамдық өмірі мен академиялық үлгерімі жақсы білім алушылар қатысты. Олар білім ошағындағы 6 мың шетел студенттерінің арасынан іріктелініп алынды.
«Мен ата-анам мен елімнің артқан үмітін ақтауға тырыстым. Тәуелсіз Қазақстанның жастары атынан қатысып, еліміздің оң имиджін қалыптастыруға атсалысқаным үшін өте қуаныштымын. Мен өз жеңісімді Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арнаймын!» - деді А. Қоғамова ҚазАқпарат тілшісіне салтанатты марапаттаудан кейін.
Шығыс Қытай педагогикалық университеті 1951 жылы Шанхайдағы екі ескі - Ұлы Қытай университеті (Дася, 1924 ж.) мен Гуан Хуа университетінің (1925 ж.) бірігуі арқасында құрылды. ECNU ғалымдарды, дәрігерлерді, мемлекеттік қызметкерлерді, сондай-ақ бизнесмендерді дайындап, гуманитарлық және әлеуметтік салалардағы ұлттық зерттеулерді жасайтын ҚХР-дағы алғашқы педагогикалық университеттердің бірі.