Қазақстандық сейсмологтар Тәжікстандағы жер сілкінісін тіркеді

None
Фото: earninginmotion.com
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 728 шақырым жерде, Тәжікстан аумағында жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясының (СТӘК) ресми сайтына сілтеме жасап.

«ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің СТӘК сейсмикалық стансалар желісі 2022 жылғы 5 мамырда Алматы уақыты бойынша сағат 06:05:45-те жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 11,4, магнитудасы – 5,0», - делінген кезекші оператор хабарламасында.


Соңғы жаңалықтар