Қазақстандық садақ атушылар Олимпиада лицензиясына таласады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан командасы 22 қараша күні Таиландта садақ атудан өтетін лицензиялық Азия чемпионатына қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Тайландтағы турнирде негізінен қыздар командасы жолдамаға таласады. Атап айтар болсақ, Алина Ильясова, Анастасия Баннова және Фарида Тукебаевалар классикалық садақ ату бойынша Токио ойындарының лицензиясын иеленуге тырысады.

Ерлер командасы Нидерландта өткен әлем чемпионатында алтылыққа еніп, жолдама мәселесін шешіп қойған болатын.

21 қараша күні Таиландтың Паттайя қаласында Қазақстан құрамасы екі аптаға созылған оқу-жаттығу жиынын аяқтайды. Ал Азия чемпионатында төмендегі спортшылар сынға түседі: Классикалық садақ ату, ерлер: Ильфат Абдуллин, Санжар Мұсаев, Денис Ганькин, Сұлтан Дүзелбаев; Классикалық садақ ату, әйелдер: Алина Ильясова, Фарида Тукебаева, Анастасия Баннова, Гаухар Игібаева; Блоктық садақ ату, ерлер: Ақбарәлі Қарабаев, Рүстем Қарабаев, Сергей Христич, Бунед Мирзаметов; Блоктық садақ ату, әйелдер: Диана Макарчук, Адел Жексенбинова, Мария Өмірзақова, Виктория Лян.

Соңғы жаңалықтар