00:14, 25 Қыркүйек 2021 | GMT +6
Қазақстандық параспортшылар Еуропа чемпионатынан 4 медаль жеңіп алды
ЫСТАНБҰЛ. ҚазАқпарат - 15-23 қыркүйек аралығында Түркияның Ыстанбұл қаласында паратаеквондо бойынша IX Еуропа чемпионаты өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оған әлемнің 12 мемлекетінен 121 спортшы қатысты.
Бұл - Париж 2024 паралимпиада ойындарына рейтингтік ұпай беретін алғашқы ірі жарыс болды.
Чемпионатта Қазақстан Республикасының Ұлттық паралимпиада құрама командасы 4 медаль ұтып алды:
1 орын - Мәлік Мұқашев (к41 -80 кг)
1 орын - Кәмиля Досмалова (к44 +75 кг)
3 орын – Нышан Өмірәлі (к44 -80 кг)
3 орын – Нұрлан Домбаев (к44 -80 кг)
Оған қоса, жалпыкомандалық есепте Қазақстан Ресей мен Түркиядан кейін үшінші орын алды.