+7 (701) 759 90 19
USD 427.15 EUR 519.12
RUB 5.96 CNY 66.84
Jańalyqtar

Қазақстандық оқушылардың жылқы көңінен қағаз алу жобасы халықаралық байқауда жүлдеге ілікті

2021 жылғы 12 мамыр 02:17
Бөлісіңіз:
Қазақстандық оқушылардың жылқы көңінен қағаз алу жобасы халықаралық байқауда жүлдеге ілікті

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Орал қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары Адия Ағеділова мен Әсем Амангелдина INSPO халықаралық ғылыми жобалар конкурсында үшінші орынға ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Асхат Аймағамбетов қашықтан оқытуда артта қалған оқушыларға қолдау көрсетуді сұрады Қарағандыдағы балалар үйінде робототехника және бағдарламалау мектебі ашылды Кадрлық резерв мүшесі шахматты мектеп бағдарламасына қосуды ұсынды

Назарбаев зияткерлік мектебінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, аталмыш жарысты 2007 жылдан бері Түркия ұйымдастырып келеді.

Оралдық жас зерттеушілер табиғи қорды сақтау, қалдықты қайта өңдеу мақсатында жылқы көңінен қағаз алу жолын ұсынды.

Жылқы көңінің негізінен ағаш құрамында кездесетін целлюлозадан тұратыны белгілі. Бағалы және сұранысқа ие материалдарды синтездеу үшін тек қана жануардың қалдығы, қажетті ағаш массасын бөліп алу үшін бірнеше химиялық зат қана керек екен.

Авторлардың айтуынша, қала тұрғындары арасында сауалнама жүргізіліп, жобаның теориялық және эксперименттік бағыты талданған.

Зерттеу жұмысы қазылар алқасы мүшелерінің үлкен қызығушылығын тудырды, өйткені бұл жоба оқушылардың экологиялық және экономикалық сауаттылығымен байланысты, қағаз жасау технологиясы, оның орман қорына әсері, баламалы шикізатты қолдану мүмкіндігі және қағазды үнемдеу мәселелері туралы білімді біріктіреді. Осыған орай байқаудың қазылар алқасы Адия мен Әсемге арнайы сыйлық – MILSET халықаралық іс-шарасына шақыру берді.

-Қағаз үлгілерін алуда механикалық әдістер қолданылды, сондықтан арнайы қағазды бастыру құралдары мен желім, қоспаның көмегімен сапасын әлі де жақсартуға болады. Ал мына үлгінің сапасы майлық пен дәретхана қағаздары сипаттамалары бойынша қанағаттанарлық, – дейді Адия.

Ғылыми жобаның нәтижелері мен қорытындысы негізінде оқушылар қағазды алу технологиясы, оның ағаш ресурстарына әсері, балама шикізатты қолдану мүкіндіктері, қағазды үнемдеу мәселелері туралы оқушылардың экологиялық, экономикалық сауаттылығын арттыру мақсатында мектептерде сыныптан тыс шараларды жиі өткізуді ұсынады.

Алдағы уақытта жылқы көңінен қағазды алу кезеңдерінде толықтырғыштар, желімдер арқылы оның қасиеттерін жақсарту, жыртылуға төзімділігі, зольдігі, ылғалды ортада ісінуі (гидрокеңеюі), оптикалық қасиеттерін стандартты сынамалар арқылы тексеру көзделуде. Сонымен қатар жылқы көңінен алынған целлюлозаны ыдырату арқылы биогазды алу жолын зерттеу және оның экономикалық есебін шығару да келер күннің еншісінде. Бұл бағыттағы зерттеу баламалы энергия көзін алу мәселесінің шешімін табуға мүмкіндік береді, себебі метан бензинге қарағанда, экологиялық жағынан тиімді, ал сутекке қарағанда, энерготиімділігі үш есе жоғары және тасымалдаған кезде қауіпсіз.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT