Қазақстандық оқушылар алғаш рет қатысып жатқан Дүниежүзілік гимназиададан 72 медаль алды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық оқушылар Дүниежүзілік гимназиададан 72 медаль алып үлгерді.

Оның 28-і алтын, тағы 28-і күміс және 16-сы қола. Бұл мәліметтерді бүгін өзінің Telegram арнасы арқылы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Оқушыларымыз таеквондо, жүзу, жеңіл атлетика, дзюдо, еркін күрес, семсерлесу, көркем гимнастика, спорттық гимнастика, садақ ату, бокс және әйелдер күресінен өткен жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанды.

Қазақстандық білім алушылар мектеп оқушыларына арналған Дүниежүзілік гимназиадаға алғаш рет қатысып отырғанын еске сала кетейін.

Бүгін Нормандияда жарыстың соңғы күні өтеді. Командаға күш-жігер, қайрат және жаңа жеңістер тілеймін. Біз сендерді мақтан тұтамыз!»,-деп жазды министр.


Соңғы жаңалықтар