Қазақстандық «Ник Вуйчич» Диего Марадонамен кездескен сәтін еске алды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Аяқсыз туған Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Әли Тұрғанбеков аты аңызға айналған футболшы Диего Армандо Марадонамен кездескен сәтін еске алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Маған «мәңгі есіңде қалған кездесу туралы айтыңызшы»,– деген сұрақ жиі қойылады. Мен бірден әлемге әйгілі футболшы Диего Армандо Марадонамен кездескенімді айтам. Бұл кездесу мейірімге толы болды. Әрі менің жүрегімде мәңгі сақталады. Бұл менің алғашқы кездесуім болды! Ол маған екі күн уақытын арнады. Ол мені қатты құшақтап, бауырына басып, ұзақ уақыт жібермей тұрды»,– деп жазды Әли Тұрғанбеков Instagram-дағы парақшасында .

Әли Тұрғанбековтың айтуынша, чемпион Марадона жүрегі мейірімге толы жан болған.

«Иманыңыз жолдас болсын, қымбатты досым, Диего Марадона! Ол мені досым дейтін»,– деп жазды Әли.


Еске салсақ, 25 қараша күні Аргентиналық жұлдыз Диего Армандо Марадона 60 жасында жүрек талмасынан қайтыс болды.

2018 жылы оқушы Әли Тұрғанбеков аты аңызға айналған футболшы Диего Армандо Марадонамен кездесіп, оның иығына шапан жапқан болатын.


Соңғы жаңалықтар