Қазақстандық мерген Италиядағы халықаралық жарыста қола жүлде алды

None
None
ТОДИ. ҚазАқпарат - Италияның Тодди қаласында стенд атудан Green Cup халықаралық турнирі өтіп жатыр. Аталған сында Қазақстан командасының өкілі жүлдегер атанды деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Амалия Кудрявцева «skeet» жаттығуы бойынша өткен жасөспірімдер арасындағы сында қола медаль жеңіп алды. Бұл Амалияның ірі халықаралық сындардағы алғашқы жетістігі.

14 мамырда басталған жарыс 24 мамырға дейін жалғасады.

Соңғы жаңалықтар