Қазақстандық лоукостер қалааралық рейстерді 86% дейін арттырады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2020 жылдың жазында FlyArystan қалалар арасында қатынайтын әуе рейстерінің санын екі есеге арттырады. Билеттердің бағасы 8999 теңгеден басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстандағы алғашқы лоукостер - FlyArystan Алматы мен Нұр-Сұлтаннан жаңа әуе бағыттарын ашуды, сондай-ақ сұранысы жоғары рейстердің санын арттыруды жоспарлауда.

Мәселен, «Алматы-Қостанай-Алматы» жаңа бағыты 12 наурыздан бастап күнделікті орындалатын болады. Осы бағыттағы ең арзан тариф құны 8999 теңгеден басталады. Ал Алматыдан Ақтөбеге және де кері қарай ұшақтар 20 сәуірден аптасына 3 рет қатынайды. Билеттер бағасы 11 999 теңгеден жоғары.

Ал биылғы жаздан бастап келесі рейстердің саны артатын болады:

- «Алматы-Шымкент-Алматы», рейстер саны 86% артып, аптасына 13 рейске дейін көбейді;

- «Алматы-Павлодар-Алматы», рейстердің саны 43% артып, аптасына 10 рет орындалады.

- «Алматы-Нұр-Сұлтан-Алматы», күніне 2 рет орындалған рейстер 50% артып, күніне 3 рет қатынайтын болады.

- «Алматы-Қарағанды-Алматы», рейстердің саны 29% артып, аптасына 9 рет орындалады.

Ағымдағы жылғы 25 қазанға дейін орындалатын рейстерге билеттерді компания сайтынан бүгіннен сатып алуға болады.

Еске салайық, бірнеше күн бұрын аталмыш авиакомпания Алматы мен Нұр-Сұлтаннан Қызылордаға, сонымен қатар биылғы наурыз айында елордадан Петропавл мен Көкшетау қалаларына жаңа рейстер ашатыны хабарланды.


Соңғы жаңалықтар