Қазақстандық «Қыз бен теңіз» әлеуметтік драмасы прокатқа шықты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Бүгін «Қыз бен теңіз» фильмі қазақстандық прокатқа шығады. Фильмді Нұр-Сұлтан, Шымкент, Ақтөбе және Алматы қалаларының тұрғындары көре алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі «Қазақфильмге» сілтеме жасап.

Фильмде балалардың церебралдық параличімен сырқат Әсел есімді бойжеткеннің қиын тағдыры, оның армандары, махаббат және отбасы туралы баяндалады. Фильм «ARDI» оңалту орталығының қамқорлығындағы (мүгедек балалардың ата-аналарының қауымдастығы) Динара Шарипованың өмірінен алынған нақты оқиғаға негізделген.

«Мүмкіндігі шектеулі жандардың жағдайын бәріміз де жақсы білеміз, сондықтан біз «Қыз бен теңіз» фильмі әлеуметтің мүгедектердің мәселелеріне мұқият болуға көмектеседі деп сенеміз. Мен бұл фильмді барлығына көруге кеңес беремін», - деді «Қазақфильм» киностудиясының президенті Арман Әсенов.

«Қыз бен теңіз» картинасы 2017 жылдың көктемінде өндіріске енгізілді. Фильмнің негізгі түсірілімі Алматы қаласында өтті, жеке көріністер Қапшағай жағалауында түсірілді.

Фильмдегі рөлдердің көпшілігін ерекше қажеттіліктері бар кәсіби емес актерлар – «АРДИ» оңалту орталығының студенттері ойнады. Мысалы, басты рөлдердің бірін дилогияның бірінші бөлігіндегі рөлімен танымал Тахир Умаров, сондай-ақ Эмир Байгазиннің «Жараланған періште» трилогиясының екінші бөлімінде Камо рөлін ойнаған Қанағат Тасқараев сомдады. Ал басты кейіпкердің сіңлісі рөліне кәсіби театр және кино актрисасы Гүлбахрам Байбосынова шақырылды.

«Қыз бен теңіз» фильмі кең аудиторияға ерекше қажеттіліктері бар адамдарда кездесетін мәселелердің барлығын ашады. Көрермендер біздің кейіпкерлерімізді жақсы түсініп, сүйіп қана қоймай, сонымен бірге өз күштері мен шексіз мүмкіндіктеріне сене алады», - дейді фильмнің режиссері Мұхамед Мамырбеков.

Айта кету керек, «Қыз бен теңіз» фильмінің премьералары былтыр Нұр-Сұлтан мен Алматыда аншлагпен өткен болатын.


Соңғы жаңалықтар