Қазақстандық құзға өрмелеушілер Азия чемпионатында 4 медаль алды

None
None
БАНГАЛОР. ҚазАқпарат – Бангалор қаласында спорттық құзға өрмелеуден Азия жастар чемпионаты өтіп, қазақстандық жас спортшылар 4 медаль олжалады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ҚР ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Жылдамдық» бойынша «В» тобында Танзила Оспан алтынды олжаласа, осы санаттағы Елизавета Литус 7-ші орынға, Алина Пономарева - 15-ші орынға жайғасты. «А» тобында Аделия Өтешева күміс иеленсе, Зарина Ағылманова - 6-шы және Вероника Плаксина - 8-ші орын алды. Жасөспірімдер тобында қазақстандық спортшы Валерия Ланкова 5-ші орынды місе тұтты.

«Жылдамдық» бойынша жасөспірімдер арасында Сергей Бессмертных финалда жапондық спортшыны басып озып алтынды қанжығаға байлады. «А» тобында қазақстандық спортшы Бекнұр Алтынбеков «күміске» қол жеткізсе, Вадим Ишмұхаметов 8-ші, Ғұсман Хайбуллин - 13-ші орын алды. «В» тобында Евгений Брякин мен Никита Глебов 9-шы және 14-ші орындарға жайғасты.

Соңғы жаңалықтар