+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Қазақстандық қос теннисші шетелде өткен турнирде топ жарды

2020 жылғы 27 қаңтар 00:02
Бөлісіңіз:
Қазақстандық қос теннисші шетелде өткен турнирде топ жарды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандықтар Тимофей Скатов пен Гөзал Айнитдиноаа шетелде өткен турнирде топ жарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
«Ролан Гаррос» турнирі: Қазақстандық теннисшілердің қарсыластары анықталды Теннис: Елена Рыбакина Страсбург турнирінің жартылай финалына шықты Теннис: Зарина Дияс Страсбург турнирінің ширек финалына шыға алмады

Т.Скатов Түркияның Анталия қаласында ITF жарысында бақ сынады.

Финалға дейін төрт қарсыласын тізе бүктірген рейтингте 579-орында тұрған Т.Скатов соңғы бәсекеде сербиялық Милян Зекичпен (554-ракетка) күш сынасты.

Қазақстандық теннисші тартысты матчта қарсыласын 6:3, 4:6, 6:3 есебімен жеңіп, чемпион атанды.

Рейтингте 503-орындағы Г.Айнитдинова Тунистегі осындай турнирде бес кездесу өткізді.

Финалда Беларусь өкілі Юлия Хатуканы (529-ракетка) 6:2, 6:4 есебімен ұтып, ол да бас жүлдеге ие болды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын М.Кукушкин мен А.Бубликтің жұптық сында Аустралия чемпионатының ширек финалына шыққанын, ал Е.Рыбакина мен З.Диястың үшінші айналымға өте алмағанын жазған болатынбыз.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT