Қазақстандық кәсіпорындар 50 мыңнан астам автокөлік құрастырды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық кәсіпорындар 50 мыңнан астам автокөлік құрастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«2020 жылдың 9 айының қорытындысында отандық кәсіпорындар 52 411 жеңіл және жүк көлігі, автобус пен арнайы техника құрастырды. Биыл автоөнеркәсіп өнімдерін 100 мың техникаға дейін жеткізуді жоспарлап отыр», делінген хабарламада.


Биыл 10 айда еліміздің машина жасау саласындағы өндірісі 16,5% артты. Автокөлік, трейлер мен жартылай тіркеме шығару көлемі 53,6%, өзге көлік - 87,1%, электр жабдықтары - 3%, машина мен қондырғы өндірісі 4,3% өсті.


Соңғы жаңалықтар