+7 (701) 759 90 19
USD 420.79 EUR 511.98
RUB 5.67 CNY 64.46
Jańalyqtar

Қазақстандық кәсіпқой боксшы қарсыласын нокаутқа түсірді

2020 жылғы 26 қазан 10:20
Бөлісіңіз:
Қазақстандық кәсіпқой боксшы қарсыласын нокаутқа түсірді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алматы қаласында кәсіпқой бокс кеші өтті, оның қатысушыларының бірі қазақстандық боксшы Диас Тастеміров (4-0, 4 КО) болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат на Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Допты хоккей: «Ақжайық» Ресей чемпионатына қатыспайды Елордада халықаралық теннис турнирі басталды Футзалдан Қазақстан чемпионатының екінші айналымы аяқталды

Тастеміровтің қарсыласы дебютант, Беларусь елінің боксшысы Артем Шеверов болған. Суперорташа салмақтағы жекпе-жек Диас Тастеміровтің бірінші раундтың өзінде-ақ техникалық нокаутымен аяқталды. Нокауттың алдында рефери Шеверовқа нокдаун есептеген.

Осылайша, 29 жастағы қазақстандық боксшы кәсіби алаңда өткізген бесінші жекпе-жегін жеңіспен аяқтады. Атап өтсек, оның бес айқасының барлығы нокаутпен аяқталған. Тастеміров үшін бұл 2020 жылы өткен бірінші жекпе-жек болды. Артем Шеверов болса, өзінің кәсіби мансабын жеңілістен бастады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT