Қазақстандық гимнастар Венгриядағы турнирден үш медаль еншіледі

None
None
БУДАПЕШТ. ҚазАқпарат - Венгрияда өтіп жатқан Gracia Fair Cup турнирінде қазақстандық жас гимнастар жеңіс тұғырына көтерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Роза Абитова ұршықпен жаттығуда үздік үштікке еніп, қола жүлде иеленді. Сондай-ақ, Айбота Ертайқызы таспа және шығыршықпен жаттығудан қола медаль жеңіп алды.

Айта кетелік, Венгриядағы турнирге негізінен жас спортшылар аттанған болатын.
Соңғы жаңалықтар