+7 (701) 759 90 19
USD 433.15 EUR 515.06
RUB 5.61 CNY 66.06
Jańalyqtar

Қазақстандық фильм Люксембург кинотеатрында көрсетіліп жатыр

2021 жылғы 21 ақпан 11:24
Бөлісіңіз:
Қазақстандық фильм Люксембург кинотеатрында көрсетіліп жатыр

БРЮССЕЛЬ - ЛЮКСЕМБУРГ. ҚазАқпарат – Қазір Люксембургте қазақстандық киноның көрсетілімі өтуде, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.

Люксембургтің «Кинеполис Кирхберг» кинотеатрында 19-21 ақпан аралығында режиссер Әділхан Ержановтың «Сары мысық» фильмі көрсетіліп жатыр.

Фильм қазақстандық «Бонни мен Клайдтың» оқиғасын баяндайды.

Бозбала Кермек түрмеден шыққаннан кейін туған қаласына оралады. Ол онда бәрі қатты өзгергенін көреді, қаланы өзінің қатал ережелерін орнатқан қылмыстық топ басқарады.

Оның сүйікті қызы Ева осы адамдардың қысымымен мүлдем жоғалып, адасып кетеді, ал Кермек өзі қылмысқа белшесінен батқан...

«Кинотеатр өкілі бізді құттықтады. Көрсетілім жергілікті көрермендердің қызығушылығын оятты. Барлық билеттер сатылды. Келгендердің барлығына рахмет және көрсетілімнен кейін фильм туралы әсерін бөліскен жанарға алғысымызды айтамыз», - дейді Қазақстан-Люксембург достық ұйымының белсендісі Нұргүл Тұрсын.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аяулым Алтынбек

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT