Қазақстандық боксшының АҚШ-та қашан жекпе-жек өткізетіні белгілі болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Бірінші ауыр салмақтағы қазақстанық кәсіби боксшы Серік Мұсаділов (5-0, 5 КО) рингке шілде айында оралуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Sports.kz.

«Панда» лақап атымен танымал боксшының рингке 17 шілдеде шығатыны айтылған. Алайда енді BoxRec.com порталы қазақстандық спортшының жекпе-жегі 24 шілдеде өтетінін хабарлады. Төрт раундқа созылатын жекпе-жекте оның қарсыласы америкалық боксшысы Квинтелл Томпсон (4-10-1, 4 КО). Кездесу Майамидегі бокс кеші аясында өтеді.

Айта кетсек, Мұсаділов пен Томпсон коронавирус пандемиясы басталғанға дейін, 14 наурызда жұдырықтасуды жоспарлаған болатын. Ол кезде шоу соңғы сәтте тоқтатылып– боксшылар тіпті алдын ала салмақ өлшеу процедурасынан да өтіп қойған еді.


Соңғы жаңалықтар