Қазақстандық боксшылардың WBC рейтингіндегі орны

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) рейтингінің жаңартылған нұсқасы ұсынылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Назарларыңызға қазақстандық боксшылардың позицияларын ұсынамыз:

Бірінші ауыр салмақта 32-орында болған Қамшыбек Коңқабаев ТОП-40-тан шығарылды.

Екінші орта салмақтағы Айдос Ербосынұлы 12-орыннан 14-орынға түсті. Әли Ахмедов те бір орынға төмен сырғып, 31-орынға орналасты.

Орта салмақта өнер көрсететін Жәнібек Әлімханұлы үшінші орнында қалды. Мейірім Нұрсұлтанов 14-орыннан 16-орынға жылжып, ТОП-15-тен кетті.

Бірінші орта дивизионда Тұрсынбай Құлахмет 19-орынға көтеріліп, тағы бір қазақстандық Садраддин Ахмедовті 20-орынға түсірді.

Жартылай орта салмақтағы Данияр Елеусінов 22-орыннан 23-орынға ауыстырылған.

Батыр Жүкембаев бірінші орта салмақтағы рейтингіде 18-орында қалды.


Соңғы жаңалықтар