Қазақстандық боксшылар IBO рейтингінде біршама көтерілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН.ҚазАқпарат – Халықаралық бокс ұйымы (IBO) барлық салмақ дәрежесіндегі боксшылардың жаңартылған рейтингін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сілтеме жасап.

Назарларыңызға қазақстандық боксшылардың рейтингтегі орындарын ұсынамыз:

Супер ауыр салмақтағы Иван Дычко 54-ші орыннан 55-ке, ал Руслан Мырсатаев 88-ші сатыдан 89-ға түсті. Жан Кособуцкий — IBO Inter-Continental чемпионы.

Бірінші ауыр салмақтағы Әли Балоев бір сатыға сырғып, 82-ші орынға түсті. Еділ Қожамбердиев 92-ші орында тұр (90-шы орында болған).

Екінші орта салмақтағы Айдос Ербосынұлы төрт сатыға жылжып, 29-шы орында, Нұрзат Сабыров — 32-ші (2 позицияға түскен), Али Ахмедов 33-ші позицияда (2 орынға сырғыған).

Орта салмақтағы Қанат Ислам өзінің 15-ші орнын сақтап қалды, Мейірім Нұрсұлтанов бұрынғыша 17-ші позицияда қалса, Жәнібек Әлімханұлы 36-орыннан 27-орынға көтерілген. IBO әлем чемпионы - Геннадий Головкин.

Дивизионның бірінші орта қатарында өнер көрсететін Садриддин Ахмедов өз көрсеткішін жақсартып, 28-ші орынға жайғасты (35-ші орында тұрған еді). Мадияр Әшкеев сегіз позицияға жоғарылап, 70-ші орында тұр.

Жартылай орта салмақтағы Нұрсұлтан Жаңабаев — 30-шы (28-шіде болған), Данияр Елеусінов 70-ші орында, ал Бобыржан Момынов — 78-ші орында қалды.

Батыр Жүкембаев бірінші жартылай орта салмақтағы рейтингте өз көрсеткішін өзгерткен жоқ, 13-ші, Жанқош Тұраров — 48-ші орында (42-ші болған).

Жеңіл салмақта Виктор Коточигов бес жолға жылжып, 49-шы, Абылайхан Құсайынов 82-ден 74-ші орынға көтерілді.

Екінші жартылай жеңіл салмақтағы Станислав Калицкий 97-ші орынға жайғасты (89-шы болған).

Екінші жеңіл дивизионның рейтингінде 77-ші орынды иеленген Ескендір Харсан жеңіл салмақ дәрежесі кестесіне 57-ші орынға ауысты.

Соңғы жаңалықтар