Қазақстандық боксшы қарсыласын 43 секундта нокаутқа жіберді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Панда» лақап атымен танылған Қазақстандық боксшы Серік Мұсаділов кезекті жеңісіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Серік Мұсаділов Хайалиа қаласында (АҚШ, Флорида штаты) өткен бокс кешінде рингке шықты. Алты раундтық жекпе-жекте ауыр салмақтағы қазақстандықтың боксшыға мексикалық Даниэль Нахера қарсылас болды. Бұл жекпе-жек алты раундқа жоспарланған болатын, алайда Мұсаділов 43 секундта нокаутпен жеңіске жетті.


Соңғы жаңалықтар