Қазақстандық боксшы Бобиржан Моминов Аргентинада салмақ өлшеуден өтті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Бобиржан Моминов (5-0, 4КО) Буэнос-Айресте жекпе-жектің алдындағы салмақ өлшеуден өтті, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.

Моминов жергілікті боксшы Хосе Игнасио Бальседомен (1-0) жұдырықтасады. Спортшылар жартылай орта салмақ (66,678 келіге дейін) лимитінен асқан жоқ. Айқастың формуласы - үш минуттан алты раунд.

Осы бокс кешінде қазақстандық былғары қолғап шебері Арман Рысбек те күш сынауы тиіс болған. Алайда, қарсыласының бас тартуына байланысты жекпе-жек болмайтын болды.

Буэнос-Айресте кәсіпқой бокс кеші Астана уақытымен 7 сәуір күні таңертең өтеді. 

Соңғы жаңалықтар