Қазақстандық банктер өздерінің тәуекелдерін жабу үшін бюджеттен қаражат алмайды - Олег Смоляков

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық банктер өздерінің ықтимал тәуекелдерін жабу үшін бюджет қаражатын алмайды.

Бұл туралы екінші деңгейлі банктер активтерінің сапасын бағалау нәтижелеріне арналған баспасөз конференциясында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын дамыту және реттеу агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олег Смоляков мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ол қаржы реттеушісі Ұлттық банкпен бірге активтердің сапасын бағалау нәтижелеріне сүйене келе барлық банктер үшін активтердің құнын қайта бағалауды ескере отырып, пруденциалдық капитал талаптарына сәйкес, 2020 жылы банктер үшін ықтимал тәуекелдердің толық қамтылуын қамтамасыз ету мақсатында бірқатар шаралар қабылдағанын атап өтті.

«Үкімет, Ұлттық банк және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Ұлттық банктің 2017 жылғы маусымда қабылдаған Банк секторының қаржылық тұрақтылығын жақсарту бағдарламасы аясында проблемалық несиелер қорының ақылы кепілдігі түріндегі активтерін қорғаудың қосымша құралын анықтады. Активтерді қорғау құралы осы бағдарламаға қатысатын банктерге тәуекелдерді қайта капиталдандыру және шектеу бойынша міндеттемелерді өзіне алады, AQR нәтижелерін ескере отырып, активтердің сапасын жақсарту бойынша барлық шараларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді», - дейді Олег Смоляков.


Соңғы жаңалықтар