Қазақстандық балуандар АҚШ-та сегіз медаль жеңіп алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық еркін күрес балуындары АҚШ-та «Билл Фаррел» халықаралық турнирінде  өнер көрсетті, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА ҚР Ұлттық Олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

Нью-Йорктегі жарыс нәтижесі бойынша біздің спортшыларымыз сегіз медаль жеңіп алды.

Саятбек Оқасов (70 кг), Ілесхан Чилаев (92 кг) және Ермұхамбет Іңкәр (125 кг) чемпион атанды.

Күміс жүлдеге Сәкен Айтжанов (79 кг) пен Олег Болтин (125 кг) ие болды.

Қола медалді Мейіржан Әшіров (70 кг), Элхан Асадов (92 кг) пен Мамед Ибрагимов (125 кг) қанжығасына байлады. 

Соңғы жаңалықтар