Қазақстандық балуан Әлішер Ерғали Олимпиаданың ширек финалында ұтылып қалды

None
None
ТОКИО. ҚазАқпарат - Қазақстандық балуан Әлішер Ерғали Олимпиада ойындарын ширек финалда аяқтады, деп хабарлайды Olympic.kz.

97 келі салмақта сынға түскен Әлішер Ерғали жартылай финалдық жолдаманы түркиялық Сулейман Караденизбен сарапқа салды.

Тартысты белдесу 8:7 есебімен түркиялық балуанның еншісіне шешіліп, Әлішер Ерғали ұтылып қалды.


Фото: Жеңіс Ысқабай, Қазақстан ҰОК
Соңғы жаңалықтар