Қазақстандық әйел Мажарстанда коронавирус жұқтырды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мажарстанның Будапешт қаласында Қазақстанның бір азаматы коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

«2020 жылғы 16 наурызда Қазақстанның Мажарстандағы Елшілігіне біздің бір азаматшамыз Будапешт қаласында коронавирус күдігімен жергілікті ауруханалардың біріне жатқызылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Жүргізілген медициналық талдаулардың нәтижелеріне сәйкес дәрігерлердің күдігі расталды» делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта ҚР азаматының денсаулығы тұрақты, ол ауруханада емделуде.

Аталған жағдай қазақстандық дипломаттардың ерекше бақылауында.


Соңғы жаңалықтар