Қазақстандық автоөнеркәсіптегі биылғы өсім деңгейіне болжам жасалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылы автомобиль өнеркәсібінде өндірістің өсімі 15 деңгейінде болжанып отыр. Бұл туралы ІІ Қазақстандық халықаралық автомобиль форумында ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялдық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Аманияз Ержанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

null null
«Мемлекеттік бағдарламаның бірінші бесжылдығында автомобиль жасау бағыты машина құрылысы саласында алдыңғы қатарлы секторлардың бірі болды. Осы 4-5 жылда отандық өндіріс көлемі 10 есеге артты, яғни 2010 жылдағы 4 мыңнан 2014 жылы 40 мың данаға дейін жетті. Машина құрылысындағы жалпы көлемде саланың үлесі 22 пайызды құрады. Қысқа мерзімде автомобиль жасау бағыты тиісті өсім деңгейін көрсете алды. Сондықтан да бұл саланы сіздермен бірге ары қарай дамытатынымызға ешқандай күмән болмауы қажет»,-деп тоқталды комитет басшысы.
1

Оның сөзіне қарағанда, отандық автоөнеркәсіп ішкі және сыртқы нарықтардағы тұрақсыздықтарға сезімталдығын байқатты. Өткен екі жыл сала үшін оңай болмады, себебі рубльдің девальвациясы салдарынан Ресейден арзан көліктер көптеп тасымалданды.
null null

«2015 жылдан бері байқалған өндіріс көлемінің төмендеуі үрдісі бүгінде еңсерілді. Бұған Үкімет тарапынан қабылданған шаралар елеулі ықпал етті. Осы орайда жеңілдікті автонесиелеу бағдарламасы, лизингтік қаржыландыру, экологиялық таза автокөліктердің өндірісін ынталандыру жұмыстары аясында қазақстандық автоөнеркәсіптегі жағдай тұрақтанды. Ағымдағы жылдың нәтижесі бойынша біз 15 пайыз деңгейіндегі өсімді болжап отырмыз»,-деді Ержанов.
null null null null  

Соңғы жаңалықтар