Қазақстандық ауыр салмақтағы боксшы WBC және IBF титулдарына үміткермен қашан айқасады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 24 қыркүйекте бірінші ауыр салмақтағы қазақстандық боксшы Серік Мұсаділов (10-0, 9 КО) Майамиде (АҚШ, Флорида штаты) рингке шығуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Отандық «Панданың» қарсыласы америкалық Шон Миллер (18-6-1, 7 КО) болуы тиіс. Ол бұған дейін бірінші ауыр және жартылай ауыр салмақтарда IBF International және WBC International титулына үміткер болған. Алайда, айқасқа бірнеше сағат қалғанда америкалық боксшының жарақатына байланысты тоқтатылған еді.

BoxRec.com ақпаратына сәйкес, енді бұл жекпе-жек екі айдан кейін, 20 қарашада өтеді. Өтетін орны бұрынғыдай қалды.

Еске салайық, Серік Мұсаділов соңғы рет рингке 9 шілдеде Майамиде шыққан еді. Ол жекпе-жекте төрешілердің бірауыздан шешімімен америкалық Ламонта Кейперсті (11-15-5, 2 КО) жеңіп, крузервейттегі бос тұрған NABA чемпионы титулын иеленді.



Соңғы жаңалықтар