Қазақстандық ауыр науқасқа шалдыққан бүлдіршінге Ресейдің танымал тұлғалары көмектесуде

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысы Қарабалық ауданы Научное ауылының төрт жасар тұрғыны Матвей Ильченко Ресейдің онкологиялық орталығында ем алып жатыр. Жаңа жыл қарсаңында ресейлік танымал жұлдыздардан құттықтаулар мен сыйлықтар алды. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі хабарлайды.

Футболшы Василий Березуцкий мен Александр Кержаков, сондай-ақ тележүргізуші Дмитрий Шепелев онкологиялық орталыққа барып, науқастарға көмек қолдарын созды. «Жұлдыздар» Матвей Ильченко мен оның ата-анасына қысқы демалыс уақытында ұшақпен Мәскеуден Астанаға және қайтулары үшін жолақыларын төледі.  Бұл туралы Матвейдің атасы Сергей Гаврилович «Айна» атты Қарабалық газетіне берген сұхбатында айтқан. Оның айтуынша, 9 қаңтарда бүлдіршіннің 3 айлық емделу курсы басталады.

Матвей Ильченко күрделі онкологиялық науқаспен ауырады, дәрігерлер аурудың 4-ші сатысында деген диагноз қойды. Соған қарамастан, баланың жазылып кетуіне үміт бар. Дәрігерлер ота сәтті шығып, қажетті терапия алса, сауығып кетуіне мүмкіндік бар екендігін айтқан. Матвейдің еміне еліміздің әр бұрышындағы қамқор азаматтар ақша (барлығы 10 млн.теңге керек) жинауда.  Жергілікті педагогтар, еңбек ұжымдары мен қоғамдық, діни ұйымдар қол ұштарын беруде.

Мектеп оқушылары мен балабақша тәрбиеленушілері де шетте қалған жоқ: олар қолдан жасалған бұйымдарын қайырымдылық жәрмеңкелерінде сатуда.

Науқас бүлдіршінге қайырымдылық көмек көрсеткісі келетіндер үшін Матвейдің анасының банк реквизиттерін жариялаймыз: 

Киви-шоттың нөмірі: +7-777-418-42-02

«Центр Кредит» банк картасының нөмірі 4667 2033 3770 3934

ЖСН 810821450603

Зенкова Юлия Сергеевна

 

Соңғы жаңалықтар