Қазақстандық ауыр атлеттер Беларусьте лицензиялық турнирде бақ сынайды
Бүгін Беларусь Республикасының Гродно қаласында ауыр атлетикадан «Alexander Cup» (Александр кубогы) халықаралық турнирі басталады. 1-5 қараша аралығында өтетін жарыс 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиада ойындарына іріктеу шарасы саналады.
СССР-дың еңбек сіңірген спорт шебері (1987), екі дүркін Олимпиада чемпионы (1988 және 1992) және әлемнің төрт дүркін чемпионы Курлович Александр Николаевич атындағы турнирге 300-ге жуық спортшы қатысады.
Халықаралық біріншілікте Қазақстанның намысын мына атлеттер қорғайды:
Нижат Рахимов - 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде
Денис Уланов - 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде
Игорь Сон - 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде
Зүлфия Чиншанло - 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде
Екатерина Быкова – 71 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде.