Қазақстандық әуе компаниялары жаңа халықаралық рейстер ашпақ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жақында қазақстандық әуе компаниялары жаңа халықаралық рейстерді ашады.

Бұл туралы «ҚазАқпарат» агенттігіне ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінде Қазақстан шет мемлекеттермен 99 халықаралық бағдарды қамтып отыр. Нұр-Сұлтан қаласынан 34 халықаралық бағдар бойынша тұрақты рейстер орындалып келеді», - делінген ведомство мәліметінде.

Белгілі болғандай, бүгінде 14 ішкі әуе бағдары, сондай-ақ «Нұр-Сұлтан – Токио» бағытындағы халықаралық бағдары субсидиялануда.

«Орта мерзімді перспективада қазақстандық әуе компаниялары Шанхай (2020 жылы), Сингапур (2020 жылы), Нью-Йорк (2023 жылы) бағыттарында рейс ашуды жоспарлап отыр», - деп аталып өткен комитет ақпаратында.

Бұдан бұрын хабарланғандай, бірқатар шетелдік әуе компаниялары Қазақстанға жаңа рейстерді ашуға қызығушылық танытып отыр.

Соңғы жаңалықтар