Қазақстандық әскерилер Ресейде өтетін Армия халықаралық ойындарына қатысады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Мәтібұлақ» оқу орталығының базасында төрт ай көлемінде Ресей Федерациясында Мәскеу маңындағы «Алабино» полигонында өтетін«Танк биатлоны» байқауына дайындық жүріп жатыр. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Осы жылдың ақпан айында сегіз танк экипажы іріктеуге кіріскен болатын. Қазіргі

уақытта үш іріктеу кезеңінен кейін команда құрамына кіруге үміткер

бес экипаж қалды. Сайыс талаптарына сәйкес «Танк биатлонына»

қатысу үшін төрт экипаж қажет.

«Қазір танк мамандары Қазақстан Қарулы Күштерінің құрамасына

кіруге әрекет етіп, одан кейін сайыста халықаралық деңгейде жеңу мақсатын

қояды. Біздің қатысушыларға материалдық бөлімді білу, біліктілік пен

кәсіпқойлық, физикалық шыдамдылықты көрсету сынды талаптар қойылады.

Жүлделі орындар үшін күрес қажырлы еңбек пен жеке құрамды дайындауды,

үздік болуға ұмтылуды талап етеді», - дейді «Астана» өңірлік қолбасшылығы

әскерлері қолбасшысының орынбасары полковник Юрий Асқаров.

Танк биатлоны Армиялық халықаралық ойындардың негізі болып

саналады. 2013 жылдан бастап бұл байқау өз бетінше өткізілді. Әскери

халықаралық ойындар 2015 жылы басталып, «Танк биатлоны» байқауы

негізгі жарыс ретінде кірді.

Қазақстан командасы «Танк биатлоны» байқауына жеті рет қатысты.

2013 жылы қазақстандық танк мамандары командасы екінші орынға ие

болды. Одан кейін үшінші және төртінші орындарды місе тұтты. 2017 және

2018 жылдары Қазақстан құрамасы тағы да екінші орынға тұрақтады.

«Мен Әскери институттың курсанты болған кезде танк биатлонына

қатысуды армандадым. Қазіргі таңда іріктеудің алғашқы кезеңдерінен өттім.

Қазақстан құрамасының негізгі құрамына кіріп, еліміздің абыройын

асқақтатып, құрметті орынға ие боламын деп үміттенемін. Біз жеңіске

ұмтыламыз!», - дейді десанттық-шабуылдаушы әскерлері әскери бөлімінің

танк взводының командирі лейтенант Сейтжан Қобланұлы.

Сайысқа қатысушыларды іріктеу және дайындау жұмыстарына

түзетулер коронавирустық инфекция пандемиясы мен елдегі жарияланған

төтенше жағдай енгізілуіне байланысты кейінге қалдырылған болатын. Танк

мамандары мен жаттықтырушылар құрамын іріктеудің бірінші және екінші

кезеңдері арасында жоспарланған үзілісті полигонда өткізуге тура келді,

өйткені карантин кезеңінде еліміз бойынша қозғалысқа жол бермеді.

«Біз жарыс кезеңдері арасында үйге бармай, полигонда жаттығуларды

жалғастырғанымызға түсіністікпен қарадық. Команда құрамындағы бір

әскери қызметші ауырмауы керек болды, әйтпесе тұтас команда бола

алмайды. Біздің жақындарымыз бен отбасымыз түсіністікпен қарайды»,-

дейді «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшісі аға сержант

Дмитрий Алькенов

Коронавирусты жұқтырудың алдын алу мақсатында «Танк биатлоны»

байқауына іріктеу қатысушылары басқа әскери қызметшілерден бөлек

жаттығады. Барлық сақтық шаралары сақталып, олардың денсаулық

жағдайына бақылау жүргізіледі.


Соңғы жаңалықтар