Қазақстандық әскери ұшқыштар туралы жаңа сериал түсірілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық әскери ұшқыштар туралы жаңа сериалдың тизері жарық көрді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР Қорғаныс министрлігінің қолдауымен әскери ұшқыштар, олардың алдында тұрған ауыр міндеттер және туыс-бауырдай жақындасып кеткен әскерилердің өмірі туралы жаңа сериал түсірілді. Түсірілім жұмыстары Талдықорғандағы Қазақстан Қарулы Күштерінің авиация базасында жүргізілді.

Сериал кейіпкерлері – Қазақстанның Әскери-әуе күштерінің жас ұшқыштары, ЖОО аяқтағаннан кейін әскер қатарында қызметін бастайтын оқу үздіктері. Олар аспанға қарай ұмтылады және оны бағындыруды армандайды.

Сериалдың алғашқы көрсетілімі қараша айында өтеді.

Соңғы жаңалықтар