+7 (701) 759 90 19
USD 425.3 EUR 501.05
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

Қазақстандық әнші «Славян базары» фестивалінің бас жүлдесін жеңіп алды

2021 жылғы 19 шілде 07:29
Бөлісіңіз:
Қазақстандық әнші «Славян базары» фестивалінің бас жүлдесін жеңіп алды

ВИТЕБСК. ҚазАқпарат – Витебскте өткен «Славян базары» байқауының гран-при жүлдесін қазақстандық әнші Рухия Байдүкен алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Мәдениет және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

14 мемлекеттен келген қатысушы славян елінен шыққан композитордың туындысын славян тобына жататын тілдің бірінде оркестрдің сүйемелдеуімен орындады. Байқау нәтижесінде қазақстандық Рухия Байдүкенова Гран-при иегері атанып, «Алтын лира» мүсіншесімен бірге 20 мың АҚШ долларына ие болды.

Бірінші орын мен Беларусь Президентінің «Славян үміті» арнайы номинациясын сербиялық Ирина Арсениевич алды. Ал Даниил Мышковц (20 жас, Беларусь) пен украиналық Рената Штифель екінші дәрежелі дипломмен марапатталды. Сонымен қатар үздік үштікті словакиялық Иванна мен әзірбайжандық Тофик Гаджиев түйіндеді.


Рухия Байдүкен 1998 жылы Талдықорған қаласында дүниеге келген. Ол Қазақ Ұлттық өнер университетінде «Эстрада және вокал» мамандығында оқиды. Оның дауысы төрт жарым октаваға жетеді.

«Мен өнерге бала кезімнен құштармын, отбасымда Байдүкен атам өнерге жақын болды. 4 сыныптан бастап Талдықорған қаласындағы Өнер мектебінде вокал сыныбында білім алдым. Қазір вокалдан сабақ беремін және менің оқушыларым – бір-біріне ұқсамайтын жеке тұлғалар. Оның арасында 5 жасар бала да бар, 30-дан асқан ересектер де бар. 22 жасымда ұстаздықты бірге алып жүру – үлкен міндет деп ойлаймын. Оның барлығы адамның өсуіне көмектеседі», - дейді жас әнші ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында. Рухия Байдүкен «Славян базары» байқауына дайындықтың қалай жүріп жатқанын айтып берді.

Айта кетейік, «Славян базары» байқауы 1992 жылдан бері өткізіліп келеді. 2015 жылы Димаш Құдайберген, ал 2019 жылы – Әділхан Макин Қазақстан атынан қатысып, бас жүлде иеленген еді.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT