+7 (701) 759 90 19
USD 420.79 EUR 511.98
RUB 5.67 CNY 64.46
Jańalyqtar

Қазақстандық 5 оқушы халықаралық бизнес-грантқа ие болды

2020 жылғы 29 қазан 04:29
Бөлісіңіз:
Қазақстандық 5 оқушы халықаралық бизнес-грантқа ие болды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атыраудағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 5 оқушысы халықаралық «MINIBOSS» бизнес-мектебінің білім грантына ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кәсіпкерлікті дамытуға арналған оқу орнында Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары бір жыл тегін білім алады. Дарынды балалардың төл жобасын дайындауға Қазақстан мен Ұлыбританияның бизнесте жүрген жетекші мамандары қолдау көрсетуді көздеп отыр.

«Соңғы үш жыл бойы «MINIBOSS» Қазақстандағы жастардың кәсіпкерлік әлеуетін арттыруды қолға алды. Ал Атырауда биыл жұмысын бастаған орталық өңірдегі жас өнертапқыштардың бастамаларын қолдауға ниет білдірді. Халықаралық бизнес-мектептің қолдауына алғашқылардың қатарында Назарбаев Зияткерлік мектебінің бес оқушысы ие болды. Олар мектепшілік конкурстарда көзге түскен, әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасыдан шыққан балалар», - дейді бизнес-мектептің директоры Лилиана Хегай.

Оның айтуынша, аталған оқу орнын Еуропалық бизнесті дамыту қауымдастығы қаржыландырады. Қазір Зияткерлік мектептің бес оқушысына 7500 еуро көлеміндегі білім гранты бөлінді. Оқушылар теориялық білімді түрлі ойындар, тәжірибелер негізінде меңгереді. Кейін өздерінің жобасын инвесторлар алдында қорғайды. Ұсынған идея сәтті болса, атыраулық оқушылар ұлттық чемпионатқа қатысады. Сондай-ақ, жобаны әрі қарай қаржыландыру жолы қарастырылатыны белгілі болды.

«Мақсатымыз – әлемнің 15 елінен бизнестегі жастардың бас қосатын ақтық сайысына жолдама алу. Оған қатысу үшін тынымсыз еңбек етуіміз керек. Қазіргі сәтте әлемнің алпауыт мемлекеттерінің дарынды балалары өз жобасын дайындауды бастап кетті», - дейді халықаралық «MINIBOSS» бизнес-мектебінің директоры.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын атыраулық оқушылардың ғылыми жұмысы халықаралық жинаққа енген еді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT