+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Қазақстандық 39 спортшы Италияда өтетін Сурдлимпиадаға аттанды

2019 жылғы 7 желтоқсан 01:26
Бөлісіңіз:
Қазақстандық 39 спортшы Италияда өтетін Сурдлимпиадаға аттанды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Сарыарқа» велотрегінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі XIX қысқы Сурдлимпиадаға Қазақстан құрамасын шығарып салу рәсімін өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жаһандық дода 12-21 желтоқсан аралығында Италияның Вальтеллина және Валькиавенна қалаларында өткізіледі.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиев, «Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК директоры Самат Ерғалиев және сайысқа аттанатын спортшылар қатысты.

Серік Сәпиев құрама спортшыларына сәттілік тіледі. «Сурдлимпиада сіздер үшін маңызды бәсеке екенін түсінемін. Себебі, ұзақ тер төгіп, тыңғылықты дайындалдыңыздар. Енді байрақты бәсекеде бақтарыңыз бен баптарыңыз қатар шауып, жоғары нәтижеге жетіңіздер», - деді ол.

Сонымен қатар, Серік Сәпиев Сурдлимпиадаға қатысатын ұлттық құрама капитаны Азамат Ержанға мемлекеттік туды салтанатты түрде табыстады. Айта кетейік, есту кемістігі бар спортшылар арасындағы төрт жылдықтың басты додасы шайбалы хоккей, сноуборд, шаңғы спорты, тау шаңғысы, керлинг және шахматтан өтеді.

Ал Қазақстан құрамасы Апенин түбегіндегі жарыста шайбалы хоккей, шаңғымен жүгіру, сноуборд және шахмат секілді төрт спорт түрінен бақ сынайды.

Биылғы жалпы бәсекеде ел намысын 39 спортшы қорғайды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT