Қазақстандағы жолдардың 4,7 мың шақырымында құрылыс жүріп жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Республикалық жолдардың 4,7 мың шақырымында жол-құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Бұл туралы бүгін ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram каналынан мәлім болды, деп хабалайды ҚазАқпарат.

Министрліктің мәліметтеріне қарағанда, биыл республикалық жолдардың 3,6 мың шақырымында жолдар салынып, қайта жаңарту жүргізілуде.

Жыл қорытындысы бойынша құрылыс жүріп жатқан жолдардың 2,2 мың шақырымын пайдалануға беру, 1,2 мың шақырымында қозғалысты ашу жоспарланған. 1,1 мың шақырым жол күрделі және орташа жөнделеді (күрделі – 485 км, орташа - 663 км).


Соңғы жаңалықтар