Қазақстандағы мұнайдың өзіндік құны белгілі болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев Қазақстандағы кен орындарында мұнайдың өзіндік құны туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Кен орындарындағы жер қыртысын игеру дәрежесі әртүрлі. Әр нақты кен орнына жекелей қарау керек, сондықтан оларда өзіндік құны да өзгеше. Атап айтқанда, мұнайдың өзіндік құны 20 АҚШ доллары болатын, 50 доллар, сондай-ақ 65 доллар сомасындағы кен орындары бар», - деді министр Мәжілісте тілшілер сауалына жауап бере отырып.

Осы орайда Н. Ноғаев барлық кен орындарының деңгейін теңестіру мүмкін еместігін атап өтті.

«Барлығын бір межемен шамалап, орташа көрсеткішті шығару дұрыс болмайды. Қашағанда өзіндік құны 10 доллар. Естеріңізде болса, 1998 жылы мұнай 8,5 доллар болған кезеңді бастан өткердік. Менің ойымша, біз шараларды оңтайландырамыз, яғни барлық қадамдарды жетілдіреміз, қажетті шараларды қабылдаймыз», - деді ведомство басшысы.


Соңғы жаңалықтар