+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Қазақстандағы колледждерде білім алуға 97 мың грант бөлінді

2021 жылғы 22 маусым 19:33
Бөлісіңіз:
Қазақстандағы колледждерде білім алуға 97 мың грант бөлінді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық колледждерге құжаттарды қабылдау 25 маусымда басталады, биылғы оқу жылына 97 мың грант бөлінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Жыл басынан бері қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиадаларда 200-ден астам медаль еншіледі Биыл СҚО-ның 18 мектебіне оқушылар автобусы сатып алынды Білім грантына қатысу үшін 100 мыңға жуық өтініш түсті

Қабылдау рәсімі жаңа ережелер бойынша жүргізіледі және тегін білім алғысы келетіндер үшін квоталар тізімі кеңейтілді. Бұл жаңашылдықтар туралы ҚР БҒМ Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Насымжан Оспанова айтып берді.

«Биыл педагогикалық, медициналық және шығармашылық мамандықтарды қоспағанда, қабылдау емтихандары болмайды. Конкурс аттестаттағы міндетті және бейіндік пәндердің орташа балы бойынша өткізіледі. Одан басқа, білім берудің ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін ҚР БҒМ «ақша студентпен бірге жүреді» қағидаты негізінде гранттарды бөлудің жаңа тетігін әзірледі. Яғни, бұрын гранттар колледждер арасында бөлінген болса, енді олар талапкерлердің таңдауы бойынша беріледі. Мемлекеттік тапсырыс талапкерлердің таңдауы бойынша колледждер арасында орналастырылмақ», - дейді Н. Оспанова ведомствоның Facebook-тегі парақшасында.

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына қабылдау 25 маусымнан басталады. Талапкерлер колледжге құжаттарды екі тәсілмен – электрондық үкімет порталы Egov.kz арқылы немесе тікелей колледжге тапсыра алады.

Болашақ студенттердің 4 мамандық пен 4 колледжге дейін таңдау құқығы бар. Конкурс аттестаттағы міндетті және бейіндік пәндерден қойылған бағаның орташа конкурстық балы бойынша ақпараттық жүйе арқылы өткізіледі. Педагогикалық, медициналық және шығармашылық мамандықтарда оқығысы келетін түлектер арнайы немесе шығармашылық емтихандар тапсырып, сұхбаттасудан өтеді. Арнайы немесе шығармашылық емтихандарды колледждер жанынан құрылған комиссиялар жүргізеді.

«Конкурс 2 кезеңге бөлінген. Бірінші 9-сынып негізінде оқуға түсетін талапкерлер арасында мемлекеттік тапсырысты бөлу 19-22 тамыз аралығында, ал, 11 сынып түлектері үшін – 22-25 тамыз аралығында өтеді. Игерілмеген орындар болған жағдайда білім грантымен қамтылмаған талапкерлер арасында мемлекеттік білім беру тапсырысын қайта бөлу жүргізіледі. Мемлекеттік тапсырыс бойынша оқуға қабылдау туралы ақпарат талапкердің жеке кабинетіне келеді. Колледждерге қабылдау 31 тамызда аяқталады», – деп атап өтті ҚР БҒМ Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Насымжан Оспанова.

Білім министрлігінің хабарлауынша, елімізде 795 колледж жұмыс істейді. Оның 454-і – мемлекеттік оқу орындары. Гранттарды 435 мемлекеттік колледж және 170 жеке меншік колледж алады. 2021-2022 оқу жылына мемлекеттік білім беру тапсырысы 10 бағыт және 200-ден астам сұранысқа ие мамандықтар бойынша 97 мың орынға бөлінді.

«Биыл квоталық санаттар тізімі кеңейтілді, енді квоталар 9 санат бойынша қарастырылады. Көп балалы отбасылардан шыққан балалар үшін 5%, мәртебесі кемінде үш жыл толық емес отбасы балаларына 1%, бала кезінен мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан талапкерлер мен бірінші және екінші топтағы мүгедектер үшін 1% квота қосылды. Балдар тең болған жағдайда квоталық санат және аттестаттың орташа балы ескеріледі», – деп атап өтті Насымжан Оспанова.

Сонымен бірге, биыл алғаш рет барлық түлектерге білім басқармаларының ақпараттық жүйелері арқылы кәсіби диагностикадан өту мүмкіндігі беріледі. Диагностика түлектерге мамандық таңдауда көмектесуге арналған және ұсынымдық сипатқа ие.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT