Қазақстандағы көлік саласына жаңа талаптар енгізілмек

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын әзірлеп, Үкіметтің қарауына енгізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Заңнамаға енгізілген өзгерістер келесі міндеттерді шешеді:

- көліктік бақылау жүйесінде адам факторы мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою;

- автожолдардың сақталуын арттыру, әкімшілік кедергілерді азайту;

- Қазақстан Республикасының аумағы бойынша ірі көлемді және ауыр салмақты автокөлік құралының жүріп өткені үшін жиналатын алымдар есебінен республикалық бюджет кірісін ұлғайту;

- Каспий теңізінің қазақстандық секторында суға батқан шетелдік кемелерді көтерудің құқықтық тетіктерін белгілеу;

- теміржол көлігіндегі апаттарды, сондай-ақ кемелерде болатын апаттық жағдайларды тергеудің қолданыстағы тетіктерін жетілдіру;

- ұшу қауіпсіздігі мен әуедегі қауіпсіздікті арттыру;

- азаматтық авиацияның транзиттік әлеуетін нығайту және Қазақстанның авиациялық билік орындарының өкілеттіктерін күшейту және беделін арттыру;

- жалпы көлік саласындағы заңнаманы жетілдіру.

Заң жобасында:

- азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымды институционалдық дамыту арқылы азаматтық авиация саласындағы мемлекеттік реттеудің тиімділігін арттыру;

- теңіз апаттарының салдарын жоюға байланысты қатынастарды реттеу, сондай-ақ батып кеткен кеме мен мүліктің орналасқан жерін, белгілеуін және жойылуын анықтау үшін қаржылық қамтамасыз етуді белгілеу;

- кемелермен болған апаттық жағдайларды, сондай-ақ теміржол көлігіндегі апаттарды, апаттар мен оқиғаларды, оның ішінде жолаушылар пойызында вагондардың шығып кетуіне әкеп соққан тергеудің жеделдігін қамтамасыз ету қарастырылған.

«Бұл шараларды іске асыру республикалық бюджет есебінен қосымша қаржы шығынын талап етпейді, сондай-ақ теріс әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және экологиялық салдары болмайды», - делінген ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мәліметінде.


Соңғы жаңалықтар