Қазақстандағы кафе-мейрамханалардың қызметі ай сайын қымбаттап жатыр

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың наурыз айында елімізде тамақтану және үйге жеткізу қызметін көрсету саласында 7,2 мың кәсіпорын жұмыс істеді. Бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 10,8%-ға көп, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Компаниялардың көпшілігі белсенді: 3,3 мың, бір жылда 6,9%-ға көбейген. Уақытша жұмыс істемейтін кәсіпорындардың саны да жылына 11,1%-ға өсіп, 2,3 мың компанияға жетті. Жаңа, әлі белсенді емес кәсіпорындар саны бір жылда бірден 18,8%-ға өсіп, 1,7 мың компанияға жеткені байқалады.

Ағымдағы жылдың сәуір айында қоғамдық тамақтану қызметі айына 3,5%-ға, жыл басынан бері 9%-ға және жылына 13,9%-ға қымбаттады.

Өңірлер бойынша Маңғыстау облысында бір айда баға айтарлықтай өсті — 12,1%. Антилидерлер үштігінде елорда мен Жамбыл облысы да бар. Еліміздің 17 өңірінен тек Алматы, сондай-ақ Алматы және Павлодар облыстарында бағалар өзгерген жоқ.

Жыл сайынғы динамикада елорда тұрғындары (бірден 36,7%-ға), сондай-ақ Түркістан (29%-ға) және Ақмола (22,3%-ға) облыстары бағаның өсуін қатты сезінді. Бағаның ең төменгі жылдық өсуі Алматыда — жылына 3,8%-ға тіркелді.

Мейрамханада түскі ас айына – 0,2%, фастфуд — 0,9%, асханада түскі ас 5,7%-ға қымбаттады. Жылдық динамикада фастфуд – 11,4%-ға, мейрамханада түскі ас – 12,6%-ға, асханада түскі ас 15,7%-ға өсті.

ТМД елдерінің арасында салыстырмалы түрде арзан мейрамханалар мен фастфуд орталықтарына бару Ресей тұрғындары үшін ең қымбат болып табылады. Мысалы, онда McDonalds-тағы McMeal бағасы – 6,1 АҚШ доллары, қымбат емес мейрамханаға кіру – 11,3 АҚШ доллары және екі адамға арналған орташа деңгейдегі мейрамханаға кіру 48,3 АҚШ долларын құрайды.

Осы жылдың наурыз айынан бастап McDonalds Ресейде жұмыс істемейді, бұл Ресей Федерациясының Украинадағы әскери әрекеттеріне байланысты.

Рейтингте Түркіменстан, Тәжікстан және Қырғызстан бойынша деректер жоқ.

Биылғы бірінші тоқсанда әрбір қазақстандық сыртта тамақтануға орта есеппен 2,7 мың теңге жұмсаған, бұл бір жыл бұрынғыдан 36 пайызға артық.

2021 жылдың төртінші тоқсанында сыртта тамақтануға жұмсалған қаражат 2013-2019 жылдардағы «коронавирусқа дейінгі» кезеңнен әлі де төмен екені байқалды.

Қазақстандағы мейрамханалар мен дәмханалар тұтынушыларынан айырылып барады, деп хабарлайды Хабар24. Пандемиядан кейін қонақтардың 30%-ға жуығы қоғамдық тамақтану орындарына баруды тоқтатты. Бұрын түскі асты дәмханада немесе мейрамханада ішкенді ұнататындар енді жеткізу қызметін таңдауда.

Өңірлік тұрғыда 2021 жылдың төртінші тоқсанында Павлодар облысының тұрғындары сыртта тамақтануға ең көп ақша жұмсаған: 6,7 мың теңге – бір жыл бұрынғыдан 11,7%-ға артық. Бұл республикалық көрсеткіштен 2,5 есеге дерлік артық.

Тамақтану шығыны ең көп қалалардың үштігіне Алматы (5,8 мың теңге, жылына плюс 40%) және Нұр-Сұлтан (4,2 мың теңге, бірақ жылына минус 15,8%) кірді.

Саладағы ең төмен шығындар Шымкентте белгіленді: жан басына шаққандағы 415 теңге ғана – бір жыл бұрынғыдан 36,3%-ға, ал Қазақстан Республикасы бойынша орташа деңгейден 6,6 есе аз.


Соңғы жаңалықтар