Қазақстандағы ең үздік IT-стартаптарға 10 мың доллар берілмек

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 28-29 қазанда өтетін Digital Bridge-2021 халықаралық форум аясында дәстүр бойынша елдің үздік технологиялық стартаптары анықталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Осы жылы Astana Hub Battle жарысының жүлделік қоры І орын үшін $10 мың, ІІ орынға $5 мың және ІІІ орынға $3 мың құрайды.

Стартаптарға қатысу үшін қойылатын басты шарттар: MVP немесе MVO сатысындағы экспортқа шығуға әлеуеті бар жоба, командада кем дегенде 2 негізгі адамның болуы және жобаның нарықтағы тәжірибесі 2 жылдан аспауы тиіс.

Astana Hub Battle-2021 барысы қандай?

- Сайтта сұраным берген 100 бәсекеге қабілетті жоба жартылай финалға өтіп, 28 қазанда 1-минуттық презентациямен Digital Bridge алаңында мамандардың алдында сөз сөйлейді.

- Қазылар алқасының шешімімен 29 қазанда 10 үздік жоба digitalbridge.kz бас сахнасында өз жобасы туралы 3-минуттық презентациясын өткізеді.

- Іріктеудің екі кезеңінің нәтижелерімен баттл жүлдегерлері анықталады.

Astana Hub технопаркінің бас директоры Мағжан Мадиевтің айтуынша, іс-шара біріншіден, Қазақстандағы стартап-экожүйесінің жаңа таланттарын айқындауға және жобалар дамудың жаңа деңгейіне көтерілуіне қолдау көрсету үшін ұйымдастырылды.

«Жылдан жылға стартаптар арасында бәсеке ұйымдастыру арқылы біз бірнеше мақсаттарды көздейміз: экожүйенің жаңа қатысушыларын табу, отандық стартап-мәдениетін дәріптеу және елдегі технологиялық кәсіпкерлікті дамыту»,- дейді Мағжан Мадиев.

Өткен жылдардың байқауларының жеңімпаздары болып KidSecurity, Abscrypt, Antidolg, Smart Gas, WebTotem мен Kompra атанды, олар бүгінгі күні қазақстандық IT-нарығында сәтті дамып, өз өнімдерін шетелге экспорттауда.


Соңғы жаңалықтар