Қазақстандағы барлық автоХҚО жұмысын қайта бастады

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның барлық өңіріндегі мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істеп тұр. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Берілген ақпаратқа сәйкес, 17 қаңтарда Жамбыл облысының мамандандырылған ХҚО-лары жұмыс істей бастады. Сол күні Алматы облысының автоХҚО-лары іске қосылды.

«Осылайша, Қазақстанда барлық мамандандырылған ХҚО-лардың жұмысы толық қалпына келтірілді», - делінген хабарламада.

Еске салайық, қаңтар айының басында төтенше жағдай режимінің енгізілуіне байланысты ел өңірлеріндегі барлық мамандандырылған ХҚО-лардың жұмысы уақытша тоқтатылған болатын.

12 қаңтарда Алматы қаласы, Алматы және Жамбыл облыстарын қоспағанда, автоХҚО-лар өз жұмысын қайта бастады.

14 қаңтарда Алматы қаласының мамандандырылған ХҚО-сы жұмыс істей бастады.

17 қаңтардан бастап Алматы және Жамбыл облыстарының мамандандырылған ХҚО-ларының жұмысы қайта жанданды.

автоХҚО-лардың жұмыс кестесі – 9:00-ден 18:00-ге дейін (Жамбыл облысында 17.00-ге дейін) (дүйсенбі-жұма). Сенбі және жексенбі – демалыс.

Автомобильді тіркеу және қайта тіркеу бойынша қызметті Kaspi және Halyk Homebank банк қосымшалары арқылы ресімдеуге болатынын еске салайық. Мемлекеттік қызметтер бойынша барлық қажетті ақпаратты 1414 нөмірі және Instagram, Facebook-тегі ресми @gov4c.kz аккаунттардан алуға болады.


Соңғы жаңалықтар